Қазақстанның еңбек нарығындағы жастардың үлесі азайып барады. Осы жылдың 2 тоқсанындағы нәтиже бойынша 15-28 жас аралығындағы экономикалық белсенді халықтың саны 2,1 млн адамды құрады. Ал бірінші тоқсанда олардың саны 2 млн шамасында болған. Мұндай мәліметті Ranking.kz агенттігі келтіріп отыр.
Бұл Қазақстанның еңбекке қабілетті жастар санының 14 жылдағы ең төменгі көрсеткіші. 2016 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда олардың саны 6,9%-ға төмендеген. Жұмыс күшіндегі жастардың үлесі 25,5%-дан 23,6%-ға дейін азайған.
Ал экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны төменгі қарқынмен болса да артып келеді. Бір жылда жұмыс күші 0,5%-ға немесе 48 мың адамға артқан.
Ал жалдамалы жұмыста жастардың саны айтарлықтай азайған. Мысалы бір жыл ішінде 15-28 жас аралығындағы жалдамалы жұмысшылардың саны 9,1%-ға немесе 153,5 мың адамға кеміген.
Себебі экономикалық белсенді жастар өзін жұмыспен қамту бағытын жиі таңдаған. Бір жылда өзін жұмыспен қамтыған қазақстандық жастардың саны 1,1%-ға немесе 5,2 мың адамға өскен.
Айта кетейік, ресми статистикаға сүйенсек Қазақстанда жұмыссыздар саны 4,9%-ды құрайды. Алайда бейресми статистика мен күнделікті жұмыссыз жүрген адамдарды көргенде олардың саны осынша аз көрсеткішке ие екеніне сенуден қаламыз.