«Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС сараланған тариф енгізілгеннен кейінгі екі аптаның қорытындысы бойынша мәліметтерді жариялады. Мәліметтер бойынша "Оңай" картасымен жүргізілген транзакциялар көлемі 7 584 651 транзакцияға жеткен. Бұл алдыңғы екі апта (шілденің 18-31 аралығында) тіркелген транзакциялар көлемінен 2 есе жоғары. Ол кездегі көрсеткіш - 3 466 599 транзакция болған.
Ал жолақыны қолма-қол ақшамен төлеу көрсеткіші 2 134 371-ден 477 376 дейін түсіп, 4 есе кеміген.
Алматы қаласы автопарктерінің түсімі соңғы екі аптада 524 487 940 теңгеге жетіп отыр. Бұл шілденің соңғы екі аптасында тіркелген сома - 314 249 570 теңгеден 67% жоғары.
Холдингтің мәліметінше, тамыз айының бірінші және екінші апталарының нәтижелерін салыстырғанда "Оңай" картасымен жүргізілген транзакциялар көлемі 518 568-ден 564 984 жетіп, 9% артқан. Ал, қолма-қол ақшамен жүргізілген транзакциялар - 307 275-тен 170 101 дейін төмендеп, 45%-ға кеміді.
Сараланған тариф енгізілгенімен, жолақының негізгі тарифі (80 теңге) мен барлық жеңілдіктер өзгеріссіз қалды.
Айта кетейік, осы жылдың бірінші тамызынан бастап жолақы қолма-қол төлеушілер үшін 150 теңгеге қымбаттады. Ал "Оңай" электронды картасы, SMS және банкт карталары арқылы төленген жағдайда жолақы 80 теңгені құрайды.