Биыл жалпы астық түсімі 19,2 млн тоннаны құрайды. Сондай-ақ, 2017 жылы республикада бір гектардан орта есеппен 12,6 центнер астық жиналады деп жоспарланған.
Таратылған ақпарат бойынша қазіргі кезде Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында астық жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2017 жылдың 15 тамызындағы жағдай бойынша астық егілген аумақтардың 38 пайызы жиналған. 1,7 млн тонна астық басылған және бір гектардан жиналған астықтың орташа көлемі 20,2 центнерді құрады.
Ал күз уақытындағы егінді жинау науқанына қажетті дизель отынының көлемі республика бойынша 393,6 мың тонна болған. Оның ішінде Ақмола облысына 70 мың тонна, Қостанай облысына 76 мың тонна, Солтүстік Қазақстан облысына 75 мың тонна отын қажет.
Жалпы егін аумағының көлемі 22,1 млн гектарды құрайды және бұл көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 651 мың гектарға артық. Көктемгі егіс - 18,7 млн гектар.
Айта кетейік, 2016 жылы Қазақстан бункерлік салмақта 23,7 млн тонна астық жинаған және ол 2015 жылға қарағанда 18,5 пайызға артық болды.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды