«Макдональдс $ 1,7 млрд АҚШ долларына өз бизнесінің біраз бөлігін Қытай мен Гонконгқа сатады», – деп хабарлайды www.independent.co.
Мемлекеттің қолдауымен Citic Қытай конгломераты Carlyle Group аталатын америкалық жеке инвестициялық компанияның 80 пайызын $ 2,1 млрд. АҚШ долларына сатып алды.
Бұдан былай, Макдональдс 120 мыңнан астам қызметкерлері бар бизнесін, Қытайдағы 2400 бен Гонкогтағы саны 240-қа жететін «фаст-фуд» мейрамханаларын тұрақты ұстап тұратын болады. АҚШ пен Қытай арасындағы келісімшартқа реттеуші органдар келісім берген жағдайда, 2017 жылдың ортасынан бастап, Қытай мен Гонконг Макдональдстің 80 пайызының иелері атанады.
Макдоналдс жоспары бойынша, алдағы бес жылда Қитай мен Гонконгте 1500 мейрамхана ашып, жоғары сұраныстағы «Fast Food» орталықтарына айналдыру. Осы уақытқа дейін Макдоналдстың бәсекелесі құрамына KFC, Pizza Hut кіретін Қытайдың Yum компаниясы болатын.
Айта кетейік, Алматы қаласында 2016 жылдан бері 3 McDonald's мейрамханалары жұмыс істейді. АҚШ сияқты Қазақстанда да «MD-TEAM» (McDonald's) аталатын аталмыш фаст-фут орталықтарының қызметкерлерін дайындайтын арнайы мамандар жұмыс істейді.
"The Qazaq Times"