Криштиану Роналду Испания супер кубогының алғашқы ойынында төрешіні итеріп жібергені үшін ұзақ уақытқа футболдан аластатылуы мүмкін, деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі.
«Барселона» мен «Реал Мадрид» футбол клубтары арасында өткен Испания супер кубогының алғашқы ойынында төрелік еткен Риакрдо Де Бургос Бенгоэча ойыннан кейінгі хаттамада қызыл қағаз көрсеткеннен кейін Роналду өзін итеріп жібергендігі жайында жазып көрсеткен. Испания футбол федерациясының ережесі бойынша, осы қылығы үшін Криштиану Роналду ел біріншілігінде 4 ойынан, 12 ойынға дейін шеттетілуі мүмкін.
Бұл дегеніміз онсызда қызыл қағаз алып «Барселонаға» қарсы қарымта ойынға қатыса алмайтын Реал көшбасшысы енді «Депортива», «Валенсия», «Леванте» және «Реал Сосьедад» командаларына қарсы ойындарды да өткізіп алуы мүмкін деген сөз.
Естеріңізге салайық, тамыздың 13-нен 14-іне қараған түні «Реал Мадрид» Камп Ноу стадионында «Барселона» ФК-ны 3:1 есебімен ойсырата жеңген болатын. Ойын соңында (83 минутта) Роналду симуляция жасағаны үшін қызыл қағаз алып алаңнан қуылған.