Бокстан ересектер арасындағы ел біріншілігінде 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Баян-өлгийлік боксшы қазақ қызы Б.Нұржамила жартылай финалда қарсыласы О.Жаргаланға есе жіберіп, жарыстың қола жүлдесін қанағат тұтты. Бұл туралы KAZNEWS хабарлады.
Естеріңізге салсақ, Нұржамила өткен жылғы жастар арасындағы ел біріншілігінде чемпион атанған болатын. Ал, О.Жаргалан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде қола медаль алған тәжірибелі боксшы.
Нұржәмилә Батырбек қазақ қыздары арасынан шыққан талантты боксшылардың бірі. Болашағынан үміт күттіріп жүрген жалынды жас.