АҚШ өз аумағындағы Ресей консулдығын жауып тастауы мүмкін – деп жазады Коммерсат басылымы.

Басылымның мәліметінше, Уашингтон Ресей консулдығын жабу арқылы ресми Мәскеудің ел аумағындағы АҚШ дипломаттарының санын қысқартуға байланысты шешіміне қарсы жауап беруі мүмкін. Естеріңізде болса бұған дейін Кремль Уашингтонның Ресейге салған жаңа санкцияларына жауап ретінде РФ аумағынан 700-ден астам АҚШ дипломаттарын шығаратынын мәлімдеген болатын.

Қазіргі таңда Ресейдің АҚШ-та Нью-Йорк, Сан-Франциско, Сиэтл және Хьюстон қалаларында консулдықтары бар. Ал АҚШ-тың Ресейде Санкт-Петербург, Екатеринбург және Владивосток қалаларында консулдықтары орналасқан.

“The Qazaq Times”