«China Daily» басылымының онлайн қызметі, АҚШ жергілікті уақытымен 9 шілде күні бір ресейлік барлаушы ұшақтың АҚШ-тың орталық қаласы Уашингтонның (Вашингтон) әуе кеңістігінен ұшып өткенін хабарлады. АҚШ үкіметінің екі өкілі берген мәліметте, Ресей барлаушы ұшағы АҚШ Қорғаныс министрлігінің бес бұрышты ғимараты, Капитолий ғимараты және басқа да мемлекеттік органдарға жақын кеңістіктен ұшып өткеніне қарап, оның барлау қызметінде ақпар жинап жүргенін тұрақтандыруға болады делінген.
Бұл ресейлік ТУ-154 барлаушы ұшағының әлемдік «Ашық кеңістік шарты» негізінде Уашингтон кеңістігінде барлау қызметін өтеуі болып табылады. 1992 жылы қол қойылған «Ашық кеңістік шарты» 2002 жылдан бастап күшіне енген. Шартқа қол қойған елдердің шарлаушы ұшақтары бір-бірінің қауіпсіз кеңістігінде, халықаралық қару-жараққа бақылау шарттардың инспекциясын іске асыру үшін қарусыз шарлау жүргізуіне болады деп белгіленген. Ресей бұл келісімге 2001 жылы мамыр айында қол қойған. Осыған дейін Ресей және НАТО-ға мүше елдерді қамтыған 34 ел шартқа қол қойған болатын.
Қыркүйек айында АҚШ Конгресі Қауіпсіздік қызметкерлеріне ескерту жасап, төмен кеңістікте барлау жүргізетін ұшақтардың 11:00 мен 15:00 аралығында шарлау жүргізуіне шектеу қойды. Келісімге қол қойғанымен АҚШ және Ресей арасында кейбір барлаушы ұшақтардың кеңістікке кіруіне туралы кірбеңдіктер де туылып келеді.