АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі «АҚШ Солтүстік Кореяның үрейлендіруінен қорықпайды» деді. Құрама Штаттың ресми өкілі бұл сөзін «Fox News» арнасына берген сұхбатында айтып өтті.
АҚШ-тың жаңа санкция шешімінен кейін Солтүстік Корея бұның жауабы ретінде, «Марс-12» баллистикалық зымыранын қолданып, АҚШ-тың Гуам аралындағы әскери базаларына шабуыл жасайтынын айтып қорқытқан болатын.
БҰҰ-дағы Құрама Штаттың тұрақты өкілі Никки Хейли «Fox News» арнасының сұхбатын қабылдағанда Қауіпсіздік кеңесінің ескертулері мен шешімдерінен кейін де зымыран сынағын жалғастырған Солтүстік Кореяның тап болып отырған дағдарысын талдап берді. Сонымен бірге жаңа санкция Солтүстік Кореяға жұмсалған бір ғана жұдырық екенін ескертті.
Ол сөзінде КХДР-ның «АҚШ-қа үлкен сабақ болатын бір әрекет жасаймыз» деген ескертуіне қарсы: «Әрине, олар наразылық көрсетеді, үркітеді, қорқытады. Алайда, біз оған бола қорқып қашпаймыз ғой», – деді. Хейли тағы Солтүстік Кореяның бұл қадамынан олардың жаңа санкцияға толықтай алаңдап отырғанын түсінуге болады деді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес