Соңғы он жылда Қазақстаннан жылыстаған тікелей инвестицияның жалпы көлемі  58,3 млрд долларды құрады. Қаражаттың ең көп бөлігі 2010 жылы кеткен - шамамен 10,5 млрд доллар, ал ең аз 3 млрд доллар қаражат 2012 жылы жылыстаған. 2016 жылы Қазақстаннан кеткен қаржы көлемі 4,4 млрд долларды құрады және бұл 2015 жылмен салыстырғанда  36,7 пайызға төмен ($6,9 млрд). 

Ал бұл цифрлар:

  • Қазақстан азаматтарының шетелдегі жылжымайтын мүліктің және шетелдік кәсіпорындардың үлесінің кем дегенде 10 пайызын сатып алуға жұмсалған қаржысы екенін;
  • шетелдік компаниялардағы шығыны немесе табысы;
  • және инвестиция екенін білдіреді.

Forbes басылымы ұсынған мәліметтер

 

Сонымен көпшілігінің қаржы иелерінің нақты кім екенін, жинағының қанша екенін құпия сақтағысы келуі және салықтан жалтаруы елдегі капиталдың жылыстауына әкеп соғуда. Forbes Kazakhstan басылымының мәліметінше, бұл қаржылардың 79,6%-ы офшорлы аймақтары бар мемлекеттерге жіберілген.

Басылымның жазуынша, ҚР Қаржы министрлігі жыл сайын "Салық жеңілдіктері бар мемлекеттердің" тізімін жариялайды. Соңғы жарияланым бойынша тізімде 58 ел бар. Олардың саны 2015 жылы Индонезия, Люксембург және Біріккен Араб Әмірлігі тізімнен шыққан соң қысқарған. Ал 2016 жылы Кипр тізімнен "кетті".

Forbes басылымы ұсынған мәліметтер

Сонымен мәліметтерге сенсек, алдыңғы қатарлы 15 елге  жылыстаған инвестиция көлемі 2016 жылы елге келген жалпы капиталдың 98,4%-ын құрайды. Олардың ішінде сегізі офшорлы аймақ немесе территориясында сондай орындар бар мемлекеттер.

Тікелей инвестициялардың ең көп мөлшері, яғни 2,8 млрд доллары Нидерландыда тіркелген. Бұл жалпы соманың 64,9 пайызын құрайды. 2015 жылға қарағанда бұл сан 46,5 пайызға төмен екен.

Ал көрші Ресей еліне 667 млн доллар "кеткен". Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 70,2 пайызға жоғары болып отыр.

Біріккен Араб Әмірлігіне, Кайман аралдарына  және Ұлыбританияға қазақстандықтар тиісінше $ 313,2 млн, $ 71,6 млн және $ 66,5 млн аударған.

Ал Түркияға аударылған қаржы көлемі айтарлықтай ұлғайған. 2015 жылы көрсеткіш $10,5 млн болса, 2016 жылы 5,8 есеге өсіп, $61 миллионды құраған. АҚШ еліндегі қаржы бірден $208,9 миллионнан $17,8 миллионға дейін төмендеген.

Forbes басылымының мәліметінше, инвестицияның көп бөлігі, шамамен $2,4 млрд бас компаниялардың және басқару мәселелелері бойынша кеңес беру қызметіне жұмсалған.

Ал жеке тұтынушылық қызметіне, қызметшілер жалдауға, үй шаруашылығы қызметіне $609,2 млн жұмсалған және бұл 2015 жылға қарағанда 2,4 есеге жоғары.

Айта кетейік, осы жылдың басында Қазақстанның Салық кодексіне кез келген мүлік пен табысты міндетті түрде декларациялау нормасы енгізілген. Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2015 жылы қазақстандықтар 700 млн долларға жуық шетелдік табыстарын декларациялаған. Алайда офшорға "кеткен" милллиардтаған доллардың жанында бұл қаржы көлге тамған тамшыдай ғана.

“The Qazaq Times”