Түркия ақпарат құралдары АҚШ-тың ДАИШ ұйымымен күресті сылтау етіп, Сүриядағы бөлшектеуші террорлық ұйым PKK/PYD қарулы топтарына әскери көмек көрсетті деп айыптады. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты жазып отыр.
7 тамыз түнде АҚШ-тың 112 әскери көлігі Ракканың солтүстігіндегі PKK/PYD бөлшектеуші террорлық ұйымына жеткізілген. «Анатолы» агенттігінің өңірдегі тілшісі берген мәліметте, бұл әскери көліктер Ирак шекарасынан кіріп, аталған ұйымның бақылауындағы Хаске жеріне жеткізілген.
АҚШ-тың бөлшектеуші террорлық топты қолдағаны туралы Ресей, Иран, Түркия қатарлы елдер бұдан бұрында айтып келген. Күрд жасақтарынан құралған бұл қарулы топ, Сүрия мен Ирактағы қуатты қарулы топтардың елеулісі. Бұл рет көлік тасымал керуенінде АҚШ қарулы күштері пайдаланатын «Hummer» жол таңдамайтын көліктерін, шағын және орта тұрпатты соғыс көліктері террорлық ұйымға жеткізілген.
Терроризммен күресуді сылтау етіп, алпауыт елдер өзінің мүддесіне әрекет ететіні айдан анық. PKK/PYD ғана емес, ДАИШ, Талибан, әл-Каида, тағы басқа толып жатқан террорлық топтардың бәрі де АҚШ, Ресей және Еуропа елдерінің әскери көліктері мен қару-жарақтарын пайдаланып келеді.