Стэйк, гамбургер және өзге де батыс асханасындағы тағамдармен жиі тамақтанатын адам семіздікке ұрынатыны белгілі. Оның себебін «Physiology & Behavior» журналы былай деп түсіндірді: «Мидың рецепторларына есірткі қалай әсер етсе, батыс асханасы тағамдарының дене энергетикалық балансына да сондай әсері бар».
Сондай-ақ, «Біздің зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесінде, мөлшерінен көп тамақтану мен семіздікті емдеуде ең қауіпсіз тәсіл ретінде перифериялық жүйке жүйесіндегі каннабиоида рецепторлар жұмысын тоқтатуды ұсынамыз. Семіздікке қарсы түрлі дәрі-дәрмекке қарағанда, миға жанама әсер ететін осы тәсіліміз әлдеқайда артық деп есептеймін», – деп хабарлайды Риверсайдағы (АҚШ) Калифорния университетінің маманы Николас ди Патрицио (Nicholas DiPatricio).
Ди Патрицио мен әріптесі Донован Аргуэта (Donovan Agrueta) тышқандарға тәжірибе жасап көрді. Олар 2 ай бойы көп мөлшерде майлы және қантты тағамдарды жеген тышқандардың қимылына, денсаулығы мен ми бұлшық еттеріне назар аударды.
Анықталғандай, бұндай диета тышқандарды жай семіздікке ғана емес, «гиперфагия» аталатын түсініксіз құбылыстың дамығанын айтады. Яғни, ішек пен қандағы «эндоканнабиноидтар» аталатын концентрация күрт өскен.
Эндогенді каннабиоид дегеніміз – организмнің өзі аздаған мөлшерде синтездейтін, құрамында есірткісі бар заттардың аналогі. Осы аналогтерге әсер ететін көптеген жүйке жасушалары мен рецепторлар кеңірдекте орналасқан.
Гамбургерлер, стейктер, өзге де майлы және тәтті батыстық тағамдар адам организміне, көп мөлшерде эндоканнабиоидты күштеп ендіртіп, әсер етеді.
Жақын уақытта Ди Патрицио мен Аргуэта жоғарыда аталған эндоканнабиноидтердің өндірілуіне не әсер етіп жатқандығын және бұл реакцияны басқарушы қандай ген екендігін анықтамақ.