АҚШ ақпарат құралдары соңғы жұмыспен қамту деректерін жария етті. Бұл деректер бойыншаТрамп таққа отырған жарты жылдан бері АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейі соңғы 16 жылдан бергі ең төменгі деңгейге жеткен. 209 мың адам жаңа жұмыс орнымен қамтылған. Тұрғын үй нарығы дамып, сыртқы сауда тапшылығы төмендеген. Бұл туралы «Шинхуа»-ның ресми сайты хабарлайды.

Трамп таққа отырған 200 күн айналасында АҚШ экономикасы шынында даму қарқынын танытты ма? АҚШ басылымдары жариялаған статистикалық мәліметтер былай деп тарқатады:

Жұмыс және жұмыспен қамту

Шілде айында АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрады. 16 жылдағы ең төменгі көрсеткішті көрсетіп, 209 мың адам жаңа жұмыс орнын тапқан. Сонымен бірге шілде айында орташа сағаттық жұмыс ақысы бұрынғыдан 2,5 пайызға көбейген. Алайда, кәсіпорындар жалақының жоғарылауына алаңдаушылық білдіріп отыр.

Тұрғын үй нарығы

АҚШ-тағы тұрғын үй бағасы өте айнымалы деуге болады. Осы жылдың маусым айындағы үй бағасында орташа мәміледегі баға $ 263.800 шамасында болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда АҚШ тұрғын үй нарығының 6,3 пайызға өскенін көрсетеді. Бұл көптеген америкалықтардың, соңғы кездегі пайыздық мөлшерлемелердің көтерілгеніне қарамастан,  үй сатып алу үшін қарыз ала алатындығын түсіндіреді.

Кредит

Үй сатып алуға ғана емес, автокөлік немесе сенім карталары арқылы америкалықтардың көптеген заттарды сатып алу мүмкіндігі жоғарылаған.

Мамыр айына дейін америкалықтардың алған несие көлемі $ 3,843 трлн көлеміне дейін жетті. Бұл өткен жылдың жыл қортындысынан да көбірек. Өткен жылдың соңында бұл көрсеткіш  3,766 трлн АҚШ долларын құрап еді.

Ақпарат құралдарының айтуынша, кредит саясатында коммерциялық несиелер үлесін арттыру – экономикалық жағдайдың жақсы белгісі. Бұл көптеген бизнес иелеріне кәсіпорындарын дамытуға қарыз берілетінін білдіреді.

Тұтыну

Ірі АҚШ дүкендер желісі, айталық,  Kohl's, J.C. Penney қатарлылар шілде айының соңында өсім байқатты. Алайда, өсім мөлшері айтарлықтай емес. Оның басты себебі ретінде Конкурстық электр жеткізушісі болып отыр. Электр қуатын жеткізу алыбы Amazon компаниясы бұл себептің бірі. Amazon компаниясы мен ірі дүкен желілер арасындағы бәсекелестіктен көрсеткіш айтарлықтай емес дейді мәліметтерде.

Десе де америкалықтардың шығындарды азайту үшін киім, ішпек-жемек, ойыншық және өзге заттарды сатып алу мөлшері бұрынғыдан төмендегені анық. Биыл маусым айында АҚШ-тағы бөлшек сату табысы 0,2 пайызға төмендеген.

Сауда

Трамп таққа отырудан бұрын, әлем халықтары АҚШ тауарларын сатып алады деп үміт күткен еді. Әрі сол үшін АҚШ сауда саясатына жаңа саясаттар алып келді. Маусым айында АҚШ сауда тапшылығы алдынғы үш аймен салыстырғанда аздап төмендеді. Айталық, $ 43,6 млрд мөлшеріне дейін. Бұл көрсеткіш Трамп сайлауынан кейінгі ең төменгі көрсеткіш болып саналады. Сонымен бірге маусым айында Құрама Штаттың Канада және Мексика шекараларындағы саудасы айтарлықтай жоғарылады.

Қор нарығы

Трамп өз қабілетін әйгілегеннен кейін АҚШ төменгі қор нарығындағы дүрбелең сейіліп, тұрақтылыққа бет алды.

Қазір қор нарығының көрсеткіші Трамп таққа отырудан бұрынғы ең жоғары шекке жетті. Бұрынғы деңгейінен 4000 ұпай артып, өткен жылдағыдан 12 пайызға жоғарылады.

“The Qazaq Times”