Ирактың Қорғаныс министрлігі хабарлама жариялап, үкіметке қарасты қарулы күштердің елдің солтүстік-шығысындағы түркімендер көптеп қоныстанған Талафар өңірін ДАИШ террорлық ұйымынан азат ету әскери операциясын бастау алдында екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлап отыр.
Ирактың Қорғаныс министрлігі жариялаған жазбаша мәліметке қарағанда, бұл реткі операцияға, Мосулды азат ету шайқасы кезіндегідей елдің ең негізгі әскери күштері жұмылдырылады. Сонымен бірге, Ирак әуе күштері де лаңкестік топтарды әуеден бомбылауға дайын.
Дегенмен, Ирак үкімет өкілдері елдегі ДАИШ күштерін толықтай тазарту үшін АҚШ және басқа елдердің біріккен коалициясының көмегін қажет ететіндіктерін айтты. Бұл ұсыныс Ирак Мәжіліс төрағасы мен АҚШ-тың Ирактағы ресми өкілі Бағдатта кездесу отырысы кезінде ортаға қойылған. АҚШ-тың Ирактағы өкілі Силлиман бұл ұсынысты қабылдайтындарын, Ирактың Бағдат билігіндегі қазіргі территория тұтастығын қорғаудың маңызды екенін атап өткен.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы