Түркия президенті Стамбулдағы бір мешіттің ашылуында сөз сөйлеп өзінің дінді табанды әрі батыл қолдайтынын жеткізді. Ол сөзінде «дінді жеттік білетін ұрпақ тәрбиелеп шығамыз» деді. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлады.
Стамбулда «Жұлдыз Хамидие атындағы мешіттің» ашылуында Ердоған өзінің діндар басшы екенін анық танытты. Ол: «Дініміздің өзегі болған мешіттерді жаңғыртамыз. Ұлтымыздың рухы мықты. Крест жорықтары заманынан бері жалғасып келе жатқан күрестің батыл жауынгері деген даңққа ие. Бүгінде дұшпандарымыз еліміз бен дінімізге шабуылдап, мешіттерді қарауылға алуда», – деді.
Ердоған билігі Түркияда діншілдерді жақтаушы билік ретінде белгілі. Батыс жұртымен қарым-қатынасы салқындаған Ердоған билігі, араб елдері арасындағы жанжалдарды реттеп, қарым-қатынасын тұрақтандыруға тырысты. Катар дағдарысы кезінде де араб елдері арасында делдалдыққа көп рет жүрді. Қазір Катар мен Түркия арасында әскери ынтымақтастық нығайып, Парсы Шығанағына Түркияның әскери базасы салынғалы тұр.