Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвили Украинаға қайтып оралатынын мәлімдеді.
«Мен АҚШ немесе басқа елдің көмегіне жүгінбей алдағы уақытта саяси күресті жалғастыру үшін Украинаға қайтып ораламын. Мені Украинадағы жақтастарым қолдайды деген ойдамын. Осы қадамым арқылы мен өзімді емес, өзгелерді бассыздықтан құтқарғым келеді» - деді Михаил Саакашвили тамыздың 1 күні өткізген бейне конференцияда.
Естеріңізге салайық, шілденің 26 күні Украина көші-қон қызметі ел президенті Петр Порошенко Михаил Саакашвилиді Украина азаматтығынан шығарып тастады деген ақпарат таратқан болатын.
Қазіргі таңда Грузияда Саакашвили үстінен бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Осы уақытқа дейін Украина билігі Михаил Саакашвилиді Грузияға экстрадициялаудан бас тартып келген.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы