Қырғызстан азаматы Тәжікстан аумағына 8 мың доллар көлемінде жалған ақша алып өтпек болған жерінен қолға түсті, деп хабарлайды CA-NEWS (TJ) ақпарат көзі.
Тәжікстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жалған ақша жасады деген күдікпен Қырғыз Республикасына қарасты Баткен облысының 38 жастағы азаматы ұсталған.
Күдікті Тәжікстан аумағына Исфаре шекаралық бекеті арқылы 8 мың доллар АҚШ долларын алып өтіп, «Зумрад» санаториінде Тәжікстан азаматына 3,6 мың долларға сатпақ болған жерінде қолға түскен.
Қазіргі таңда Тәжікстан ішкі істер министрлігі аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды