Иран президенті АҚШ-тың Иранға қаратқан жаңа санкциясы туралы пікірін білдірді. «Парс.Ақпарат» агенттінің хабарына қарағанда, Иран президенті Хасан Рухани АҚШ Конгресінің Иранға қаратқан жаңа санкция жобасы туралы айта келіп: «Иран АҚШ-тың жаңа әрекетіне кесімді жауап беретін болады», – деген пікірін білдірді.
Иран президенті үкіметтің арнайы отырысында: «АҚШ Иранға 40 жылдан бері қысым жасап, санкция салып келді. Тіпті аймақтағы көршілес елдерді де айдап салып, арандатушылық туғызу істерінің бәрі АҚШ-тың жеңілісімен аяқталып келді. Америкалықтар Иран халқымен бетпе-бет келудегі жеңілістерінен сабақ алуы керек», – деді. Ол тағы: «Егер АҚШ сезімтал Орта-Шығыс аймағы мен ондағы маңызды су жолдары әлем үшін қауіпсіз болсын десе, онда Иранға қаратқан мұндай жаулық саясатын доғаруы керек. Америка Иран халқының құқығын құрметтегенде ғана бейбітшілікті қолға келтіре алады», – деді. Иран үкіметінің қарауынша, АҚШ Иранның Орта Шығыс және Парсы шығанағындағы ықпалды ел екенін мойындағысы келмейді.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ Конгресі бір күн бұрын Ресей, Иран және Солтүстік Кореяға қаратқан жаңа санкция жобасын мақұлдаған болатын. Бұл АҚШ-тың сыртқы саясатында бірқатар жаңа өзгерістерді алып келеді деп күтілуде. Сейсенбі күні кеште АҚШ Конгресі өкілдер палатасы 419 дауыспен санкция жобасын мақұлдап, Иранға бағытталған жаңа саясатты жолға қойды.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы