25 шілде күні АҚШ Конгресі Ресей, Иран және Солтүстік Кореяға бағытталған жаңа санкция жобасын ресми бекітті. Өкілдер үйіндегі 419 дауыстың мақұлдауымен өткен жобаға қарсы небәрі 3 қарсы дауыс берілген. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігі хабарлап отыр.

Аталған жобада Ресейге Украина дағдарысын жасады және 2016 жылғы АҚШ президент сайлауына араласты деген айыптар тағылған. Сонымен қатар ресейлік өкілетті және жеке тұлғаларға қарата санкция жарияланған. Оған қоса, баллистикалық зымырандарды және ядролық бағдарламаларды дамытқаны үшін Иран мен Солтүстік Кореяға бағытталған санкция шешімдерін қамтиды.

Үш елге қаратылған санкция жобасына қосымша, Ресейге бағытталған санкцияларды АҚШ президентінің жеке бұйрығымен тоқтатуына шектеу қойылған заң жобасы да бар. Айталық, АҚШ президенті Ресейге қарсы санкцияларды немесе дипломатиялық мүлікті қайтару, екі ел қарым-қатынасында «жаңа бет бұрыс» жасау сынды негізгі сыртқы саясатқа саятын істерде АҚШ президентінің жеке шешімдері шектеуге ұшыраған. Сондай-ақ, Конгресске президент шешіміне вето қоюға құқық берілген. Алда, заң жобасы Сенаттың қарауына ұсынылып, жаз айлары аяқталудан бұрын ресми атқарылады деп шешілген.

Бұл алдағы уақытта АҚШ пен Ресей қарым қатынасына тікелей әсер ететін санкция жобасы болып саналады. Ресейге осыған дейін салынған санкцияларға үстеме ретінде шығарылған жаңа жоба, онсызда қырғи-қабақ екі елдің ара қатынасын тіпті де салқындата түскелі тұр.

“The Qazaq Times”