Израиль-Палестина арасындағы жанжал қайта өрши түскен тұста, Сүрия билігінің үстінен айтылған арыз шағым да көбейе түсті. Сүрия, Палестин-Израиль, Катар дағдарысы қатарлы істер Орта-Шығыс пен Таяу-Шығысты тағы да тұрақсыздыққа қарай алып бара жатыр. Шығыс-Батыс мүдделері түйісіп жатқан осы аймақ, жаңа ғасырдың ширек бөлегіне дейін бейбіт тыныштыққа қол жеткізе алмайтын көрінеді.
Түркия ақпарат құралдары Сүриядағы Башар Асад билігі «қақтығыссыз аймақтардағы» шабуылын әлі де жалғастыруда деп мәлімдеді. Бір жақты атыс тоқтату бітімі жарияланған Шығыс Гутадағы азаматтық қорғаныс орталығының берген мәліметіне қарағанда, үкімет әскери күштерінің ұшақтары 24 шілде түнде (20:19 сағатта) аталған аймақтардағы ауылдарды бомбалаған. Салдарынан, сегіз адам көз жұмған, олардың үшеуі балалар.
Сүрияның орталық қаласы Дамаскінің Шығысындағы Гута аймағы соңғы бес жылда Башар Асад билігінің бақылауында болып келді. Үкіметтің Шығыс Гутадағы қоршауын барған сайын қысып келеді. Ондағы азаматтық қорғаныс орталығы аталатын қарулы күштер өзге аймақтардағы үкіметке қарсы топтардан барған сайын алшақ қалып барады. Башар Асад билігі Дамаск қаласының шығысын толықтай бақылауына алуға тырысып отыр.
Ресейдің «Риа Новости» ақпараттық агенттігінің хабарында Ресейдің Сүриядағы күштері мен қарсы топтардың жетекшілері, Мысырдың араағайын болуымен Каирда келісімге келген болатын. Содан кейін ғана Башар Асад Шығыс Гутаны бомбалауды тоқтатқан еді.