Уашнигтон жағы мәлімдеме жариялап, Башар Асадтың жаңа химиялық шабуылға дайындалып жатқанын, егер бұл шабуыл жүзеге асатын болса сүриялық диктатор үшін бұл қадамының төлемі ауыр болатынын ескертті. Бұл туралы BBC ақпарат қызметі хабарлап отыр.
Ақүй таратқан мәліметте: «Осыған дейін айтып келдік, АҚШ әскерлері Сүрияда «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымын жою үшін тұрып келеді. Бірақ, Башар Асад тағыда химиялық қару қолданып, қырғыншылық жасайтын болса, оның бұл қадамына беретін төлемі өте ауыр болады», – деп ескертті. Сонымен бірге, Ақүй мәлімдемесінде жаңа химиялық шабуыл зор көлемді қырғыншылық тудырып, жазықсыз бұқаралар, оның ішінде әйелдер мен балалар жапа шеккелі тұр деді.
Сүрияның Идлиб аймағында 4 сәуір күні болған химиялық шабуылдан 87 адам қаза болған еді. Оның ішінде әйелдер мен балалар да бар. Батыс елдері Башар Асад билігі қырғындағыш қару қолданып, жазықсыз бұқарға күш көрсетті деп айыптаған болатын. Алайда, Сүрия билігі бұл жауапкершілікті үстіне алмайтынын айтқан. Ресми билік Сүриядағы оппозиция немесе лаңкестік топтардың арандатуы деп те көрсеткен.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау