Осыған дейінгі халықаралық қат-қабат қарсылықтарға қарамастан, Солтүстік Корея алдағы уақытта жаңа баллистикалық зымыран сынағын жасауға дайындалып отыр, деп хабарлайды әлемдік ақпарат көздері. КХДР-ның әр реткі зымыран сынағынан кейін, Корей түбегінде соғыс туылу қауіпі еселеп арта түседі. Әсіресе, соңғы 4 шілдеде болған зымыран сынағы кезінде АҚШ Солтүстік Кореяға ең соңғы қатаң ескертуін жасаған болатын.
АҚШ-тың CNN арнасының хабарына қарағанда, Солтүстік Корея алдағы уақытта қуаты мен өлшемі беймәлім зымыран сынағына күшті дайындықтар жасауда. Бұл "4 шілдедегі қуатты зымыран сынағының жалғасы" дейді АҚШ ақпарат көздері.
Мұны Солтүстік Кореяның зымыран сынағы тарихында ең табысты болған зымыран сынағы деуге болады. Себебі, сол реткі баллистикалық зымыранның ұшу аралығы мен ұшу уақыты және нысанаға дәлдігі жағынан жаңа белеске көтерілді. Бұл КХДР-ның АҚШ территориясына ядролық қаруды жеткізуге қабілетті болғанын көрсетті. Ұшу аралығы бұрынғы сынақтарға қарағанда 933 есеге артып, 2 мың 802 шақырымға 39 минутта ұшып жеткен.
Егер алдағы уақытта Солтүстік Корея зымыран сынағын қайталайтын болса, онда Корей түбегінің жағдайын нақты болжап айту қиынға соғады. Осыған дейін АҚШ теңіз және әуе күштерін түбекке қарай жақындатып, қыр көрсеткенімен Пиоңяңға (Пхеньян) тосқауыл бола алмады. Ендігі жерде АҚШ баяғы бопсалауды жалғастыра ма, әлде, нақты әскери әрекетке бара ма – бұл алдағы зымыран сынағында белгілі болады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі