Иран ядролық келісімнің барлық шарттарын орындауда деп хабарлайды The New York Times басылымы Ақүй әкімшілігіне сілтеме жасап.
АҚШ президенті Дональд Трамп шілденің 17-сі күні Ақүйде өткен баспасөз конференциясында өзі президент болып сайланғалы сынап келе жатқан Барак Обама кезінде Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келісімнің орындала бастағандығын еріксіз мойындады.
Бірақ Ақүй әкімшілігі Иранның ядролық келісімді орындауын қатаң қадағалайтынын және терроризмді қолдағаны үшін алдағы уақытта да Тегеранға экономикалық қысымды күшейтінін мәлімдеді.
The New York Times басылымының мәліметінше, жақын аралықта Уашингтон еуропалық әріптестерімен бірігіп Иран режиміне қарсы жаңа қадамдарға бармақ. Бұл тікелей Дональд Трамптың бастамасымен жүзеге асатын болады.
2015 жылғы Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келісім бойынша, атқарушы билік АҚШ Конгресіне әр үш ай сайын Иранның ядролық жағдайы жайында есеп беріп отыруы тиіс. Егерде Иран ядролық келісімдегі барлық шарттарды орындайтын болса, онда Тегераннан барлық халықаралық санкциялар алынып тасталады.