2016 жылы Алматының өңірлік жалпы өнімінің көлемі 10,3 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, осы жылдың 6 айы ішінде экономиканың барлық салаларында өсім байқалады: бөлшек сауда 6,8%-ға, көтерме сауда 0,7%-ға, өнеркәсіп 4,7%-ға, құрылыс 0,7%-ға, байланыс 4,9%-ға, ауылшаруашылығы 62,8%-ға артқан. Тұрғын үй салу 15,6%-ға, инвестиция көлемі 235,7 млрд.теңгеге өсіп, 12,2%-ға ұлғайған. Инфляция 3,6%-ды, республикада 3,7% құрайды.

Сондай-ақ, қалада жұмыс істейтін ШОБ субьектілерінің саны - 171,5 мың және олардың қатары өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға өскен.

Бұдан бөлек әкімдік ұсынған мәліметке сенсек, салық түсімі де молайған. Алматы қаласынан республикалық бюджетке 645,2 млрд теңге түскен, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9%-ға (51,1 млрд. теңге) көп. Жергілікті бюджетке 184,2 млрд теңге салық құйылған, 9%-ға (15,2 млрд теңге) көп. Тұрақтылық жағдайында қалада жыл аяғына дейін өсім деңгейі артады деп күтілуде.

Жалпы, 2017 жылғы қала бюджеті 542,4 млрд теңгені құрайды. Өткен жылы үнемдеудің арқасында жергілікті бюджет 33 млрд теңгеге немесе 50%-ға артты. Өткен жылмен салыстырғанда жолдарды жөндеу мен құрылыс салуға 2,8 есе, ал инженерлік желілерге 1,9 есе, абаттандыруға 2,7 есе көп ақша бөлінген.