«Тақтар ойыны» сериалының премьерасы көрсетілім саны бойынша рекорд орнатты. Фантастикалық туындының жетінші маусымын 10,1 млн адам тамашалаған.
Осыдан алдыңғы рекорд 2016 жылы сериалдың алтыншы маусымын 8,8 млн адам көрген кезде орнатылған еді. Күні кеше ғана көрерменіне жол тартқан жаңа маусым рекордты жаңартып, әлеуметтік желілердегі қызу талқыланған негізгі тақырыпқа айналды.
Сарапшы мамандардың есебінше, алтыншы маусыммен салыстырғанда жаңа серияны қараған көрермендердің саны 27 пайызға артқан.