Венесуэланың оппозициясы ел президенті Николас Мадуроға қарсы тәулік бойы толастамайтын жалпыхалықтық көтеріліс болатындығы жөнінде хабарлады.
Бұл туралы Ұлттық Ассамблея төрағасының орынбасары Фредди Гевара: «Біз 20 шілде күні 24 сағатқа созылатын тәуліктік жалпыхалықтық көтеріліс болатынын жариялаймыз», -деді.
Жуырда Венесуэлада ресми мәртебесі жоқ, халықтық референдум өткізілген. Референдумға қатысқан 7,2 млн адамның басым көпшілігі Николас Мадуроның бастамасымен Конституцияны өзгерту мақсатында құрылғалы жатқан құрылтай жиналысына қарсы дауыс берді.
Мемлекет билігі халықтық референдумның ешқандай заңдық күші жоқ деп тауып, 30 шілдеге белгіленген құрылтай жиналысына сайлаудан бас тартпайтындарын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Венесуэлада ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап, Николас Мадуроның Үкіметіне қарсы көтерілістер жалғасын тауып келеді. Халық Николас Мадуроның жеке басының құзыреттілігін арттыруға жасаған қадамдары мен Конституцияны өзгерту туралы шешіміне наразы.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?