Украина Белорусь Республикасына нота жіберді деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.
Белорусь Республикасы кинотеатрларында ресейлік «Қырым» киносының жарнамалық трейлерлерінің көрсетілуіне байланысты Киев Минскіге нота жіберді.
112 Украина телеарнасының хабарлауынша, Украина СІМ Белоруссияға шілденің 17 күні нота жіберген. Белоруссиялық «Киновидеопрокат» компаниясының директоры Андрей Разжавайкиннің сөзінше, олар ресейліктермен «Қырым» киносын көрсету жайында ешқандай келіссөз жүргізбеген.
Разжавайкин Regnum агенттігіне берген сұхбатында: «Біздің жоспарымызда «Қырым» кинофильмін ел аумағында көрсету болған емес. Болмайды да» - деген.
Ал белорустық ТUT.BY интернет-порталының мәліметінше, қазіргі таңда ресейлік «Парадиз» кино компаниясының «Қырым» атты кинофильмін Белоруссия аумағында көрсету үшін келіссөздер жүріп жатыр. Бірақ әзірге фильмінің қандай кинотеатрлардан көрсетілетіні белгісіз.
«Қырым» фильмінің ресейлік премьерасы 2017 жылдың 28 қыркүйегіне белгіленген. Кинода махаббат, адалдық, достық жайында айтылған. Фильм сюжеті 2014 жылы Ресейдің Қырымды анексиалауы кезіндегі оқиғаларға құрылған. Картинаның режиссері, сценаристі әрі продюсері «Қызыл жұлдыз» медиа-холдингінің басшысы Алексей Пиманов.