Ангела Меркель "Христиан-Демократиялық одағы және Христиан әлеуметтік одағы" (ХДО/ХӘО) партиялары Бундестаг сайлауында тағы да жеңіске жететін болса, Германия канцлер билікте 2021 жылға дейін қалуға уәде берді. Бұл туралы Deutsсhe Welle басылымы жазды.
Аталған мәлімдеменің шын мәнінде жүзеге асатындығына қаншалықты кепілдік бере аласыз деген сауалға, Ангела Меркель: "Ешкім де өз тағдырын билей алмайды", - деп жауап берді.
ARD телеарнасына берген сұхбатында Үкімет басшысы: "Партия жеңіске жеткен жағдайда, мен халыққа жолдаған хабарламамдағы сөздерді орындап, 2021 жылға дейін билікте қалуға тырысамын", -деді.
Бундестаг сайлауы осы жылдың күзінде өтеді. Егер жоғарыда аталған ХДО/ХӘО партиялық блогы жеңіске жететін болса, Ангела Меркель Германияның канцлері қызметіне төртінші рет сайланады.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?