Астанада құны 200 миллион доллар атын жоба жүзеге асырылады.

№ 1 индустриалдық парк аумағында «Бір белдеу, бір жол» халықаралық әріптестік аясында құрылғылар құрылысы кәсіпорны салынбақ, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 

ОСыған байланысты меморандум «Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы» басшысы Әлішер Әбдіқадыров пен "Beijing DianLianYu Technology Co" қытай корпорациясының басшысы Хуанг Ченг арасында жасалды.

Әкімдіктің ақпаратынша, Электр өлшеуіштер, байланыс модульдері, құрамдас бөлшектер, трансформаторлармен басқа да құрылғылар шығаратын өндіріс орнын құру жоспарлануда және оған 200 миллион доллар инвестиция құйылмақ.

Сондай-ақ, жобаның басталуы барысында 40-қа жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Өндіріс көлемі ұлғайған соң оның санын 120-ға дейін жетпекші. Ал бағдарламалық жасақтамасы бар жоғары технологиялық өлшеуші электр құрылғыларды Astana Smart city саласын қамтамасыз ету үшін де қолданылу жоспарланған.

Жалпы, бүгінгі күнге №1 Индустриалдық парк аумағында құны 265 миллиард теңгені құрайтын 66 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқан көрінеді. Оның ішінде 41 өндіріс орны іске қосылған. Экспортқа шығарылатын өнім көлемі жиырма миллиард теңгеден асады. 3000-ға жуық жұмыс орны ашылған.

“The Qazaq Times”