Италияда Везувий жанартауы «оянды». Өрт сөндірушілер отряды орманды шалған оттың кең аумаққа таралуына барынша кедергі келтіруге күш салғанымен, бет шарпыған алауды ауыздықтау әзірге мүмкін болмай отыр деп хабарлайды Corriere della Sera баспасы.
Жанартауға жақын орналасқан Неапольде жаппай эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы маңайдағы 5 аудандық қала тұрғындары мен туристер жанартаудан жапа шекпес үшін «қашып құтылған». Дәл осы баспа орман өртіне жанартаудың қатысы болмауы мүмкін деп топшылайды. Өйткені 2016 жылы тау бөктерінде орналасқан 200 га орман жанартаудың қатысынсыз, қолдан өртелген болатын.
Везувий – Италияның оңтүстігінде, Неаполь қаласынан 15 км қашықтықта орналасқан «белсенді жанартау». Бұл жанартауға көтерілу – танымал туристік бағыттардың бірі. Теңіз деңгейінен 1 мың метр биіктікке дейін туристерді автобус алып барады, ары қарай 200 метр жаяу көтерілесіз. Кратердің өзі ерекше әдемі болмағанымен, бұл жерден Неаполь мен шығанақтың керемет көрінісін тамашалауға болады.
Атап өту керек, біздің заманымыздың 79 жылы, аталған жанартаудың атқылауы әсерінен, Помпея, Геркуланум және Стабия қалалары жер бетінен жойылып кеткен.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?