ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Ақордада қабылдады. Мемлекет басшысы құрметті қонақты Германия елінің президенті қызметіне сайлануымен құттықтап, екі ел арасындағы қалыптасқан дипломатиялық, әріптестік қарым-қатынастар ары қарай да жалғасын табатындына ниеттестік білдірді.
Өз сөзінде Н.Ә.Назарбаев: «Сіз әлемге белгілі, құрметті саясаткерсіз. Сіз Германияның сыртқы істер министрі қызметінде болғаныңызда, біз екі ел үшін өте маңызды көп мәселені талқыға салдық. Неміс халқы болашаққа жақсы бағдар қалыптастыратын көшбасшыны таңдады деп ойлаймын», -деді.
Германия Қазақстанның ең ірі үш сауда әріптесінің қатарына кіреді. Осы жолы да Қазақстан мен Германия іскерлік кеңесінің отырысында құны 872 млн еуроға бағаланатын 21 келісімге қол қойылды.
Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер: «Ақордаға келуге жақсы себептер қашанда табылады. Экспо-2017 халықаралық көрмесінде мен келген уақытта Германияның ұлттық күні тойланып отырғаны мені ерекше қуанышқа бөледі. Сіздерді менімен бірге Германияның павильонын тамашалауға шақырамын», - деді.

















Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр