S&P Global Ratings (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу туралы шешіміне байланысты 2017-2018 жылдарға арналған экономикалық өсімі рейтингін нашарлатты.
Сонымен осы жылы алдын ала болжам бойынша елдің экономикалық өсімі 1,4 пайыз болады. Бұдан бұрын болжам 1,7 пайыз деңгейінде болған. Ал 2018 жылға арналған болжам 1,2 пайыздан 0,9 пайызға дейін төмендетілді.
"Ұлыбританияның экономикалық өсімі алдағы екі жылда бәсеңдеуі мүмкін. Біздің болжауымызша, экспорттың таза өсімі фунт стерлингтің құнсыздануына байланысты ішкі әлсіз сұранысты қамтамасыз ете алмайды", - деген мәлімет келтіреді агенттік.
S&P Ұлыбританияның монетарлы саясатына, яғни бас реттеуші банктің пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешіміне қарамастан елдің экономикалық өсімі зардап шегеді.
"Жоғарғы пайыздық мөлшерлеме және инфляция экономикалық белсенділікті төмендетеді. Фунт стерлинг құнсыз болмаған күннің өзінде Brexit келіссөзі халықтың іскерлік белсенділігіне әсер етеді ", - деп түсіндіреді агенттік.
Ал Англияның орталық банкі болса 2017 жылы экономикалық өсім 2017 жылы 1,9 пайыз, 2018 жылы 1,7 пайыз, 2019 жылы 1,8 пайыз болады деген болжам жасап отыр.