Өзбекстанда журналистер арасында Исам Кәрімов жайында жазылған үзік материалға байқау жарияланды.
Байқауға 2016-2017 жылдары Ислам Кәрімов жайында жазған өзбекстандық және шетелдік журналистер қатыса алады. Байқау қорытындысы 2018 жылдың 30 қаңтарында Ислам Кәрімовтың туған күнінде жарияланады.
Байқауда бірінші орынға 1800 доллар, екінші орынға 1360 доллар, үшінші орынға 910 доллар көлемінде қаржылай сыйлық беріледі.
Өзбекстан үкіметінің ресми сайтында байқау шарттары жарияланған. Онда байқауға қатысушылар Кәрімовтың тәуелсіз ұлттық мемлекет құруға қосқан үлесі және тарихтағы рөлі жайында, Ислам Кәрімовтың елде азаматтық қоғам құру мен демократиялық мемлекет қалыптастырудағы және нарықтық экономика жасаудағы әр түрлі қырлары жайында және Өзбекстан мемлекетінің Ислам Кәрімовтың басқаруымен қалыптасуы жөнінде қалам тербеуі тиіс.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзиеев Кәрімовтың мүсінін жасауға халықаралық байқау жариялаған болатын.
Ислам Кәрімов Өзбекстанды 1989-2016 жылдары аралығында басқарды. Ол Ташкент қаласында 2016 жылы 2 қыркүйекте инсульттан көз жұмған болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?