АҚШ-тың Уашингтон Университетінің технологтары батериясыз ұялы телефон жасап шықты. Бұл туралы шинхуаның ресми сайты хабарлайды. Жалпыға жаңалық іспетті бұл телефонға батерия қажет емес, ол сымсыз электр толқыны мен сәулелерден қуат алады.
Өте аз энергия жұмсайтын бұл өнімнің өзіндік құны да төмен. Әдетте адамдар күнделікті пайдаланып жүрген ұялы телефондардың әлсіздігі – оның сөйлесу және пайдалану барысында батерия мен энергияны өте көп жұмсауы болса, енді ғана ел-жұртпен жүздесу алдында тұрған жаңа өнім бұл жағынан алдыңғы телефондарды басып озбақ. Яғни үнемшілдік жағынан ол әдеттегі телефондардан неше жүз есе алда.
Тек қана электронды толқындар мен күн энергиясынан қуат алатын телефонды жасап шыққан өнертапқыштар бұл телефоны тұтынушылар жылы қабылдайтынына сенімді.
Әділет Ахметұлы


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?