Facebook 2016 жылы Менло-Парк қаласының әкімшілігіне қонақ үй, саябақ және велосипед жүргізетіндерге арналған көпір болатын штаб пәтер жобасын таныстырған. Енді компанияның жаңа корпусында әлеуметтік желінің 6500 қызметкері жұмыс істей алады, деп хабарлайды Vc.ru.
Сондай-ақ, жоба бойынша әлеуметтік желінің штаб пәтері маңында барлық келушілерге арналған еркін аймақ бой көтереді. Мысалы мұнда 200 бөлмелі қонақ үй, велосипедтерге арналған тұрақ және көпір салынады.
Алайда Менло-Парк тұрғындары компания кампусын кеңейтуге қарсы. Өйткені 6500 жұмыс орны болатын кампустың салынуы пәтерлердің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін.
Ал Facebook өкілдері болса кез келген адам сатып алуға болатын көппәтерлі үйлер салу туралы ұсыныс жасады. Менло-Парк әкімшілігімен жасалған келісімге сәйкес, пәтерлердің 15 пайызы табысы төмен отбасыларға беріледі және қаланың инфрақұрылымын дамытуға көмектеседі.
Десе де құрылыс нысанын салуға қарсы шыққандар Facebook штаб пәтердегі қызметкерлер санын көбейтіп жібермеу керек деп есептейді. Себебі қала әзірге пәтер жетіспеушілік мәселесін шеше алмайды, ал жаңа ғимараттарды салу көп уақыт алады. Менло-Парк әкімшілігі болса Facebook өкілдерінің ұсынысын қолдап отыр.