Ресейдің Қаржы министрі Антон Силуанов АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путиннің G20 алаңында кездесуі әлемдік экономикаға оң өзгерістер әкеледі деп есептейді. Бұл туралы Риа Новости агенттігі жазды.

"Мұндай кездесулердің нәтижесі оң болғанын қалайтын едік. Шынымен оң нәтиже болды. Бұл Ресей экономикасына да, әлемдік экономикаға да тиімді", - деп мәлімдеген Силуанов HTct журналистеріне.

Айта кетейік, Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Дональд Трамп пен Владимир Путиннің арасында өткен кездесудің нәтижелері жөнінде баспасөз конференциясын өткізіп, қос басшының арасындағы келіссөздерге "конструктивті" деген баға берді. Ресей мен АҚШ-тың өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.

Еске салайық, Германияның Гамбург қаласында екі күн жалғасатын G20 тобы елдері арасындағы саммит кеше басталған. G20 тобы елдері басшылары саммитте «Терроризммен күресу» тақырыбын «Жаһандық ұлғаю және сауда» атты бірінші жұмыс сессиясын талқыламақ.

 “The Qazaq Times”