Алматыда 457 көшенің атауы өзгертіледі. Жыл сайын аумағы кеңейіп келе жатқан қалада бірдей аталатын көшелер көп. Бұл жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру және такси қызметін қиындатады.
Бұл туралы Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімінің басшысы Өтепберген Қалабай: "Қала тұрғындарының өмірін қиындататын ерекше жағдайда ғана ономастикалық комиссия көше атауын өзгерту мәселесін қарастырады", - деп түсіндірді.
Оның мәліметінше, Алматыда 12 - Абай, 3 - М.Әуезов, 13 - Жамбыл, 6 - Құрманғазы, 5 -Төле би, 3 - Әйтеке би, 3 - Қазыбек би, 3 - Қабанбай батыр, 8 - Райымбек, 4 - Наурызбай батыр, 8 - Қарасай батыр, 4 - Байтұрсынов, 5 - Сейфуллин, 6 - Ә.Молдағұлова, 6 - М.Мәметова, 5 - Д.Қонаев атындағы көшелер бар.
Бірінші кезекте атауын ауыстыруды талап ететін көшелер де - осылар. Жалпы алғанда, ағымдағы жылы Алматыда 457 көшенің атауы өзгертіледі.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?