Қазкоммерцбанктің бұрынғы басқарма мүшесі Украинаның Sky Bank деп аталатын банкін сатып алды. Бұл туралы украиналық қаржы институтынның сайтында жазылды.

«Банкингтегі бәсекелестік жыл сайын күшейіп келеді, банк өнімдерінің стандартты жиынтығы нарықтағы үлесін арттыуға жеткіліксіз, клиенттер көп нәрсені талап етеді. Сондықтан да украина нарығында 26 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан әмбебап Регион банкті қазақстандық инвестор сатып алды, банктің атауын Sky Bank-ке ауыстырды», — делінген банктің сайтында.

Сайттағы ақпаратқа сүйенсек, банктің иесі - Ариф Бабаев. Ол 2017 жылдың мамыр айынан бері банк акциясының 99,09%-ына иелік етеді.

Ариф Бабаев — банк саласында көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қазақстандық кәсіпкер. Ол ABN AMRO және Royal Bank of Scoltand сынды қаржы институттарында қызмет етіп, тәжірибе жинақтаған. Инновациялық технология және қаржы секторындағы халықаралық инвестициялар бойынша тәжірибесі бар.

“The Qazaq Times”