Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы алты айда (2017ж. маусым 2016ж. желтоқсанға) 5,1%, азық-түлік емес тауарларына – 3%, ақылы қызметтерге – 2,8%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен осы жылдың басынан бері картоп 77,3%-ға, жаңадан жиналған көкөністер – 15,6%, қой еті – 10,7%, сиір еті – 9%, жаңадан жиналған жемістер – 7,9%, консервіленген сүт – 6,4%, сары май – 5,6%, жылқы еті – 4,6%, кондитерлік өнімдер – 4,3%, мәйекті ірімшікке – 3,8%-ға қымбаттаған. Бағасы төмендеген өнімдер - қияр (58,7%), қызанақ (28,7%), жұмыртқа (27%), қарақұмық жармасы (13,4%), күнбағыс майы (6,6%), қант (1,8%).
Баға өсімі автомобильдерге 4,7%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 4,6%, тоқыма бұйымдарына – 3,4%-ға, жеке қолданатын тауарларға, тұрмыстық аспаптарға – 2,9%-дан, фармацевтикалық өнімдерге, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына – 2,8%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 2,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 2,4% құрады. Дизель отыны 6,6%, баллондағы сұйытылған газ – 5,8%, бензин – 5,4%-ға қымбаттады.
Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, денсаулық сақтау – 4,8%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 2,6%, қоғамдық тамақтандыру – 2,5%-ға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 4%, ішкі қалааралық – 2,7%, жолаушылардың әуе көлігімен – 2,4%-ға қымбаттады, ал темір жол көлігімен – 1,4%-ға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 7,4%, орталықтан жылытуға – 7,3%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%, ыстық суға – 3,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 3,5%, электр энергиясына – 3,2%, суық суға – 2,4%-ға жоғарылады.



















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды