Статистика агенттігінің мәліметінше, азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 8,6%-ға өскен.

Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жаңа жиналған көкөністер мен жемістер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант арзандаған.

2020 жылғы ақпанда жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасына орташа бағасы килограмына 326 теңге (былтыр ақпанда – 243 теңге), сұлы жармасына – 352 теңге (330 теңге), сөк – 373 теңге (254 теңге), күріш 376 теңгеге (323 теңге) шықты.

Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы ақпанда килограмына 185 теңге, былтыр дәл осы уақытта 236 теңге болды. 2020 жылғы ақпанда сүт өнімдерінен сүзбеге орташа баға килограмына 1615 теңгені (2019 жылғы ақпанда – 1579 теңге), қаймақ – 1121 теңгені (1050 теңге), айран – 300 теңгені (286 теңге), пастерленген сүт 256 теңгеге (239 теңге) сатылуда.

“The Qazaq Times”