Австрияда Адольф Гитлер дүниеге келген үй мемлекет қарамағына өтті деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.
Австрияның коституциялық соты Гитлер дүниеге келген үйдің қазіргі иесінің қарсылығына қарамастан үйді үкімет қарамағына өткізуді қолдап шешім шығарды.
Адольф Гитлердің үйі Австрияның Инндағы Браунау (Braunau am Inn) қаласында орналасқан. Ол осы уақытқа дейін жеке адамдардың иелігінде болып келген. Австрия билігі бірнеше рет үй иесінен үйді сатып алғылары келетіндіктерін айтып ұсыныс жасаған. Алайда үй иесі ғимаратты сатудан бас тартқан. Екінші дүние жүзілік соғыстан бері Адольф Гитлер дүниеге келген үйде дүкен, кітапхана, мүгедектерге арналған ұстахана жұмыс істеген. Бірақ 2011 жылдан бері үй бос тұрған.
Үйді Австрия билігі өз қарамағына алғаннан кейін үйдің ендігі тағдыры қалай болатыны әзірге белгісіз. Бұған дейін Автрияның ішкі істер министрі Вольфганг Соботка Гитлер үйін бұзып тастау керектігін айтып ұсыныс жасаған болатын. Бірақ Адольф Гитлер үйі 1993 жылдан бері Зальцбург өңірінің архитектуралық құндылықтарға ие ғимараттар тобының құрамына кіреді яғни заңмен қорғалады.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?