Америка Құрама Штаттарында президент Трамптың көші-қонды шектеу туралы жарлығының күшіне енгізілгеніне наразы топ Нью-Йорк пен Лос-Анджелес қалаларында шеруге шықты. Олар бұл жарлықтың күшінен қалуын талап етуде. Бұл туралы “Washington Post” басылымы хабарлап отыр.

Қатысты деректерде айтылуынша АҚШ-тың аталған алты мұсылман еліндегі елшіліктері виза беруді шектеу шарасы 90 күн ішінде жүзеге асырғалы отыр.  Мигранттар құқығы жөніндегі белсенділер, сондай-ақ адвокаттар аталған жарлықтан кейін құқықтық тұрғыда қиыншылыққа ұшырағандарға қолдау көрсету үшін Нью-Йорктегі Жон Геннеди атындағы әуежайдың маңына жиналды. Олар наразылық шарасында Трамптың аталмыш ереже жарлықтарын айыптады.

Шеруге шыққандардың сөзінше, Трамптың жарлығы барып тұрған нәсілдік кемсітушілдікке құрылған, аталмыш Америка ұстанымына мүлде қайшы. АҚШ құндылықтарына сәйкес келмейді әрі мемлекет қауіпсіздігіне ешқандай пайдасы жоқ екен.

“The Qazaq Times”