2017 жылдың 1 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс 75291 теңгені құрады және 2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 7,5%-ға өсті. Алайда осы кезеңде тұтыну тауарлары мен қызметтер бағасының 7,8%-ға өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табыстары 0,3%-ға төмендеген. Бұл туралы статистика комитетінен хабарланды. 

"2017 жылдың 1 тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша жоғары мәні Атырау облысында байқалып отыр, онда көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,8 есеге асқандығы байқалды", - делінген комитет хабарламасында.

Ал табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 55-62% төмен.

2017 жылдың 1 тоқсанында өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылығы 3,3 есені құрады (2016 жылғы 1 тоқсанда – 3,4 есе).

k30-06-2017-1

“The Qazaq Times”