Биыл Исыламның қасиетты кітабы Құранды қазақ тіліне аударған ғұлама ғалым Халифа Алтайдың туғанына 100 жыл. Осыған орай маусымның 29 күні Талдықорған қаласында халықаралық  деңгейдегі  шара болып өтті.

Фото: QT

Жетісу төріндегі дүбірлі той ең әуелі ғылыми конференциядан басталып, ғұлама ғалымның еңбектері мен оның қоғамға қосқан үлесі жайында талқыланды. Айтулы шараға Германия, Түркия, Қытай, Моңғолия қатарлы елдерден арнайы қонақтар келіп қатысты.

Фото: QT

Дінтанушының 100 жылдығына орай құран оқудан жарыс, жыр бәйгесі, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Бұл шара осыған дейін Түркия, Германия сынды алыс-жақын шетелдер мен еліміздің қасиетті Түркістан қаласында арнайы атап өтілген болатын.

Фото: QT

“The Qazaq Times”