2020 жылға дейін қайта жөндеуден өтетін ұзындығы 6,5 мың шақырым жолды ақылы ету жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі салалық экономика департаментінің директоры Ержан Қазанбаев хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстанда 2013 жылдан бастап ұзындығы 220  шақырым Астана-Щучинск бағытындағы жалғыз ақылы жол жұмыс істейді. Одан қазіргі кезде шамамен 4 млрд теңгедей қаражат жиналған, ал бұл қаражат сол жолдың күтімі үшін жұмсалады,

Сондай-ақ, енді осы жылы ұзындығы 469  шақырым болатын «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай», «Алматы-Қорғас» бағыттары бойынша төлем қабылдау жүйесін салу жоспарланып отыр. Республикалық маңызы бар ұзындығы 5,5 мың шақырым жолда  төлем қабылдау жүйесін орнату көзделген. Жыл соңына қарай аталған жүйе өз бетінше жұмыс істейтін болады және де келер жылдан бастап толық енгізіледі.

Сондай-ақ, ақылы жолдарға гибридті жүйе енгізілетін , яғни ақылы аймаққа кіру еркін болады, ал төлем шығар кезде қолма-қол немесе басқа да төлем жүйелері арқылы  қабылданады.

“The Qazaq Times”