ҚР Парламенті сенаторлары пленарлы отырыста "Электроэнергетика мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады. Мұнда өңірлік электр желі компанияларын шоғырландыру және оларды корпоративтік табыс салығынан және мүлік салғынан босату қарастырылған, деп хабарлады ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Министрдің сөзінше, реформалар қорытындысына сәйкес, энергетикалық сектордағы жекешелендіру процестері және электр энергиясы нарығын либералдандыру нәтижесінде электр энергиясын тарату қызметімен айналысатын ұйымдар көптеп пайда бола бастады.
"2012 жылдан бастап осы қызмет түрлерін лицензиялау жүзеге асырылғалы бері олардың саны тағы біршама өсті. Сонымен 2012-2017 жыл аралығында энергия татартушы ұйымдардың саны 160 компанияға дейін жетті", - деді Қанат Бозымбаев.
Ведомство басшысының айтуынша, заң жобасын жасау барысында бұл орта және шағын энергетика ұйымдары мен иесіз қалған электр желілері проблемалы сұрақтар туындаған.
"2019 жылы энергия таратушы компаниялардың саны шамамен 27 бірлікке қысқарады. Кейбір өңірлерде иесіз қалған, ешкімге қызмет көрсетпейтін ұйымдар бар. Ал бұл осы желілерге қосылған тұтынушыларға қауіп төндіруі мүмкін. Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сенсек, мұндай желілердің аумағы 2 351 шақырымды құрайды. Бұған қатысты мәселелер көптен бері шешілмей келеді", - деді министр.
Министр осыған байланысты мемлекеттік мүлік заңына өзгерістер енгізу арқылы заң жобасында иесіз қалған электр желілерін таратудың механизмі қаралғанын атап өтті. Сондай-ақ, энергия таратушы ұйымдарды корпоративтік табыс салығы мен мүлік салығынан босату қарастырылған. Алайда бұл өзгеріс жаңа Салық кодексіне байланысты болады.