Астана күніне орай «Астана Экспо-2017» Ұлттық компаниясы» мерекелік акциялар ұйымдастырады және жаңа билет түрін айналымға қосады.

Жаңадан енгізілген «кешкі билеттер» көрмені сағат 18.30-дан кейін аралауға арналған. Билет құны жұмыс күндері – 2 мың, демалыс күндері  - 3 мың теңге. Арнайы жеңілдікке ие азаматтар үшін билет бағасы 50 пайызға төмен: жұмыс күндері – 1 мың, демалыс күндері – 1,5 мың теңге. Онан бөлек, «Экспо-2017» көрмесіне арналған абонементтер сатылымға шығарылды. Стандартты бағасы – 50 мың теңгені құрайтын абонемент картасы, жеңілдікке ие азаматтарға 25 мың теңгеге беріледі.

Мерекеге орай, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары 3 билет сатып алған жағдайда, қосымша 1 билетті сыйға алады.

Онан бөлек, Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында: «Демалыс күндері 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге көрмеге кіру тегін. 12 жасқа дейінгі балалардың жасын растайтын құжатының және жанында бір ересек адамның болуы шарт»,-делінген.

“The Qazaq Times”