Біріккен Ұлттар Ұйымының Сүриядағы арнайы өкілі көптеген елдер кепілгер болған Астана келісімінен кейін, Сүрияның көптеген қалаларында қақтығыстардың азайып, ел тұрмысының қалыпқа түсе бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.

БҰҰ-ның Сүриядағы арнаулы өкілі Стаффан де Мистураның хабарлауынша, «Қақтығыссыз аймақ» келісімінен кейін Сүрияның көптеген қалаларында тұрмыстың қайта қалыпқа түскенін, дегенмен қақтығыс толастамаған аймақтардың бар екенін мәлімдеді.

Кейбір қалаларда қақтығыстардың әліде болып жатқанын атап өтке БҰҰ өкілі: «Біз қазір толыққанды келіссөз үшін саяси ынтаның бар жоқтығын анықтау үстіндеміз», – деп мәлімдеді. Ол және келесі келіссөздердің тамыз айының соңы немесе қыркүйек айының бас шенінде болатынын айтып өтті.

“The Qazaq Times”