Уашингтонда орналасқан Pew Research Center ұйымы жариялаған жаңа сауалнама нәтижесінде, АҚШ президенті Дональд Трампның халықаралық саясатын 37 мемлекеттегі сауалнамаға қатысушылардың 22 пайызы ғана қолдау білдірген. Бұл көрсеткіш Барак Обама тұсында 64 пайызды құраған еді. Бұл туралы BBC ақпарат қызметінің ресми сайтында жарияланды.
Трамптың халықаралық саясатына наразылы білдірушілер Еуропа, Азия елдерімен қоса көршілесі Канада мен Мексикада да бар. Ал, АҚШ президентін қолдаушылар ең төмен елдер қатарында Швеция (10 %), Германия (11%) және Нидерланд (17%) елдері бар.
Pew Research Center жариялаған мәліметте әлем лидерлерінің арасында Қытай мен Ресей қатарлы елдердің басшыларын қолдаушылар саны төмен болған. Айталық, 37 елдегі қатысушылар Қытай басшысы Ши Жинпиңге 28 пайыз қолдау көрсетсе, Путинге 27 пайыз адам ғана дауыс берген. Әлем лидерлері арасында Германия канцлері Ангела Меркельдің абройы ең жоғары болып тұр. Оның саясатын 42 пайыз қатысушы қолдаған. Ал, Еуропа елдері арасында бұл көрсеткіш 60 пайызды құрады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы