Ту, тіл, логотип, бейнеліктер, топтық түстер, эмблема т. б. , міне осы сияқты адамзат өмірінде үнемі кездесетін белгілердің адамдар көңіліне ұялауы тым ғажап құбылыс. Шартты белгілер мен символдар адамдардың ойлау қабылетін, осы арқылы адамдардың өмірге көзқарасын, тіпті қоғамға болған пікірін де өзгертіп жібереді. Өйткені, онда адамдар өзі байқамайтын құпия байланыс болады да, әркімнің еркінен тыс мәлім күш арқылы өзіне қарай жетелейді. Сыртқы формасына қарау арқылы мағынасын болжауға болатын Қытай иероглифтері де сол сияқты. Бұл туралы Испанияның «Хош ис» басылымында жазылған еді.
Бір қызығы, әлемді жаулаған әйгілі логотиптерді жасаған жобаргерлер де алғашқыда, өздері тапқырлаған осы бір кішкентай суреттің күллі адамзаттың сырласына айналарын білмеген. Атап айтар болсақ, бүгінгі таңда Apple эмблемасын білмейтін адам жоқ. Себебі, мұндай белгілер мен адамдардың көзі арасында мәлім ұғым тудыратын белгісіз бір программа жұмыс жасайды. Тіпті, ол эмблема мен сол зат арасындағы байланыс тым жақын болмаса да, адамдар өздерін өздері сол зат арқылы қалай «алдағанын» сезбей қалады.
Әдетте, азық-түліктер мен сусындықтар да осылай. Адамдар шөлдегенде ол сусынның таңдайға дәмі емес, ең алдымен көз алдына логотипті елестетеді. Ал, бір шеті тістеліп ойылған «алманың» орнында басқа бір шартты белгі қойылған болса да, адамдар сол затқа көзсіз табынуын қоя алмайды деп жазады басылым. Өйткені, маркада адам көзіне шалынғаннан кейін, көкіректе ол жөнінде ұмтылыс болады. Тіпті, адамдардың діни сенімі сынды аса сезімтал түсініктері де осы бір шағын ғана әріптер мен символдардан туындап жатады екен.
Ал, "Қазақстанда жасалған" деген белгісі бар товарлардың логотиптер әлемді қаншалық шарлай алғаны өзімізге аян. Ұлттық болмыс пен адамзатқа ортақ құндылық арасын сипаттайтын логотиптер ұлттық өнімдерімізге өміршеңдік сыйлайтын еді. Мұнай "сиқырлы" логотиптер әлемге еліміздің шырайын тілсіз танытар еді.
Әділет Ахметұлы